Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін бүгінгі билік, мәжіліс, сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысуы керек. Ол үшін біз, ел мен ұлт жанашырлары жаңа партия құрып, келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп, билікке келуіміз қажет! (…) Келесі сайлаудың нәтижесінде (бәлкім биыл) біздің партиямыздың белсенділері парламент пен мүлдем жаңа үкіметтен табылып, елімізге өтірік емес шынайы реформаны енгізеді, — деп жазды ол Facebook-парақшасында.
Партия «Жер қорғаны» деп аталады. Оның айтуына қарағанда, «жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті, жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз».