Қазіргі уақытта Huawei компаниясының Қазақстанда 400-ден астам сауда нүктелері (дүниежүзі бойынша 60 000 сауда нүктесі) бар. Ашылған brand shop ерекшелігі — басқа сауда нүктелерінде көрсетілмеген эксклюзив үлгілер болады.
Дүкенде біз технологиялық құрылғылардың кеңейтілген ассортиментін ұсындық. Ең әуелі 2021 жылдың соңына қарай пайдаланушыларының саны 170 миллион адамға жеткен Harmony OS операциялық жүйесіндегі жоғары деңгейлі смартфондар, оған қоса, компьютерлер, планшеттер, аксессуарлар, фитнес білезіктері, балалар және смарт сағаттары, сонымен бірге Huawei vision секілді серіктес сауда нүктелерінде болмайтын трендті құрылғылар ұсынылады. Компания атынан Қазақстан халқын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын және Huawei brand shop дүкенінде асыға күтеміз, — деді Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фань Цзиньюн.