Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды, — деді президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, отандық БАҚ қоғамның сұранысына сай жұмыс істегені жөн.
Үкіметтік емес сектор маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеруде және олардың кешенді шешілуіне ықпал етіп жатыр. Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді неғұрлым кеңінен және терең тарту қажет, — дейді Тоқаев.