Тасымалдаушының мәліметінше, Украинаның әуе кеңістігінің азаматтық авиация үшін жабылуына байланысты Киевке рейстердің орындалуы келесі хабарламаға дейін тоқтатылды.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына тек билет ақысын қайтару ұсынылады. Басқа рейстерге брондауға тыйым салынады.
Жолаушылар билет ақысын билетті шығарған сәттен бастап жыл ішінде сатып алған жерінен қайтара алады.
Air Astana 1 маусымнан бастап Черногория астанасы Подгорицаға рейстерге сату ашылғанын, ал Шығыс Еуропаға басқа рейстер әлі жоспарланбағанын атап өтті.
Қазір компания қазақстандықтарды Украинадан шығарумен айналысады. Кеше Алматыға бесінші репатриациялық рейс келді.