ІІМ: Елімізде заңсыз қару сақтау туралы 240 материал тіркелді

Оның айтуынша, шара қаруды қолданып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бұдан басқа, заңсыз айналымдағы қару мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Азаматтық және қызметтік қару айналымына үнемі бақылау жүргізіледі. Полиция органдарында 234 мыңнан астам азаматтық қару иелері және 2 мыңнан астам қызметтік қару субъектілері есепте тұр. Қабылданған шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 700-ден астам атыс қаруы және ойық қарудың 4 мыңнан астам патрондары алынды. Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 240 материал тіркелді. Әкімшілік жауапқа 348 азамат тартылды, — деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Сонымен бірге, 2 мыңға жуық заңды тұлға, оның ішінде 76 қару-жарақ саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкен тексерілді.

50 мыңнан астам фермерлік, шаруа қожалықтары, 160 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Тексеру нәтижесінде 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қаруды сақтау және алып жүру ережесі – 2,2 мың рет, оны тіркеу және қайта тіркеу тәртібі – 1,3 мың рет бұзылған,- деді Шұғыла Тұрлыбек.