Түрікменстанның сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде 72,97% дауыс жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды, — делінген орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.
Еске салайық, ақпанда халк маслахаты (халық кеңесінің) парламентінің жоғарғы палатасының кезектен тыс отырысында Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жас басшыларға мемлекетті басқаруға жол беру қажет екенін айтты.