Басты бет Жаңалықтар Оқушылар көктемгі каникул кезінде неше күн демалады?

Оқушылар көктемгі каникул кезінде неше күн демалады?

Қазақстан мектептерінде үш күннен соң үшінші тоқсан аяқталады. Көктемгі демалыс 19 наурызда басталады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Мектептерде демалыс 2022 жылдың 19 наурызында басталып, 30 наурызды қосқанда 12 күнге созылады. Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуына тілектеспін, — деді министр.

Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 34 оқу аптасы деп бекітілген.

Қазір елде эпидемология жағдайы тұрақталды, соған байланысты оқушылар 14 ақпаннан бастап мектепте дәстүрлі форматта оқып жатыр.

Exit mobile version