Басты бет Жаңалықтар Білім беру ұйымдарында коронавирус шектеулері алынды

Білім беру ұйымдарында коронавирус шектеулері алынды

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздің білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты жаңа қаулы шығарды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Folio Illustration Agency

«Жасыл» және «сары» аймақтарда әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталсын. Күн сайынғы «кіру» сүзгісіне де талап қойылмайды. Сонымен қатар «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін, — делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес, «Ashyq» жүйесі қолданыстан алынбайды.

Эпидемиология жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы «кіру» сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі, — делінген хабарламада.

Одан бөлек, құжатта білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы шаралардың толықтай сақталу керектігі айтылған.

Exit mobile version