Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамалды

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, — делінген хабарламада.

Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етілмейді.

Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайында ұсталып, уақытша ұстау излоятрорына қамауға алынды. Оған «Қазақтелеком» қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деген айып тағылды.