Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайында ұсталғанын растады

Біз кеше таратқан ақпарат негізінде ғана айта аламыз, бірақ белсенді тергеу әрекеттері енді басталды, сондықтан күтейік. Ақпарат болған кезде оны міндетті түрде жеткіземіз, — деп жауап берді Олжас Бектенов.

БАҚ өкілдері Олжас Бектеновтен Қайрат Сатыбалдыұлы шынымен ұшақта ұсталды ма деп сұрады.

Иә, ол Алматы әуежайы аумағында ұсталды. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында сот қандай дәлелдер мен бұлтартпау шарасын анықтайтынын қараймыз, — деп толықтырды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.