Басты бетҚоғамҚайрат Сатыбалдыұлы...

Қайрат Сатыбалдыұлы қамауға алынды

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарына қарағанда, Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріледі.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

«Азаттық» радиосы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы «Kaspi» АҚ акционері (30%), Alatau Capital Invest арқылы «Қазақтелекомда» үлесі бар екенін жазды. 2010-2015 жылдары Nur Otan (қазіргі Аманат) хатшысы болған.

Forbes журналы 2018 жылы оны Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына жатқызған. Журнал сол жылы оның байлығын 163 миллион долларға бағалаған.