Бес жыл бойы көрсетілген «Келін» телехикаясы рейтингісі жоғары теленовеллалардың бірі болды. Ұлттық арна басшылығы тіпті, осы фильмде ойнаған Ананди рөлінің сомдаушысы-Авика Гор, Шив — Сиддхарт Шукланы арнайы шақырып, кездесу өткізген болатын.
«Телекөрермендер жергілікті салт бойынша ерте тұрмысқа шыққан және бөтен отбасыға келін болып түскен кішкентай қыздың тағдырына бейжай қарай алмады. Өзінің еңбекқорлығының, төзімділігінің және үлкендерге деген құрметінің арқасында Ананди қайын жұртына тез сіңіп кетеді. Бұл қасиеттерінің арқасында қазақ көрермендерінің де көңілінен шығады», — делінген хабарламада.
«Келін» телехикаясы көрерменге жол тартқаннан бері хикаяда басты рөлдерді сомдаған актерлар да бірнеше рет ауысты. Бала кездегі және бойжеткен Анандидің ролін үш актриса: Авика Гор, Пратюша Банерджи және Торад Распутра сомдады.