Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, президент әкімшілігінің келісімімен Кентау әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды, — делінген хабарламада.
Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді. 100 мыңнан аса тұрғыны бар Кентаудың жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.
Айта кетейік, Рашид Аюпов 1981 жылы Кентауда туған.
2019 жылы шілдеден 2021 жылға дейін Түркістан әкімі қызметін атқарды. 2021 жылдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.