Өңірлер мен сауда желілері одағының ақпараты бойынша қант қоры 3 ай бойы халықтың сұранысын қанағаттандыруға жетеді.
Дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүргізіліп жатыр: Қазақстанда 2022 жылғы тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар, — делінген хабарламада.
Ведомство сонымен бірге қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдалануды және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шара қабылдайтынын хабарлады.