Саяси кеңестің қаулысымен Amanat партиясы cаяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды.
Бюроның құрамына енгендер:
- Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
- Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы;
- Асхат Раздықұлы Оралов – Amanat партиясының атқарушы хатшысы;
- Максим Николаевич Рожин – халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті.
Осылайша Amanat партиясы cаяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.