Данияр Қадыров 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР мәдениет министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2000-2004 жылдары — ҚР мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.
2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
2005-2007 жылдары — Степногорск әкімінің орынбасары. 2007 жылы ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі;
2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;
2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;
2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры;
2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.