Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды

Сhess.pw сайты Miss Chess Eurasia 2017 байқауын өткізді. Байқау онлайн дауыс беру арқылы жүргізілген болатын. Конкурс нәтижесі бойынша Жансая Әбдімәлік 9136 дауыс жинап, ең сұлу шахматшы атағына ие болды. Ал екінші орынды 7848 дауыспен Өзбекстанның халықаралық спорт шебері Сарвиноз Курбонбоева иеленді.

Сарвиноз Курбонбоева
Өзбекстан шахматшсы Сарвиноз Курбонбоева

Үшінші орынға 653 дауыспен Мутриба Хотами ие болды. Айта кетейік, бұған дейін chess.pw сайты «ТМД-ның ең сұлу шахматшысы» интернет байқауын өткізген болатын. Ол кезде жеңіс 19 жастағы Өзбекстан шахматшысы Гульрухбегим Тохиржоноваға бұйырған еді.

Мутриба Хотами
Тәжікстандық шахматшы Мутриба Хотами

Ал Miss Chess Eurasia 2017 — 17 жастағы Жансая Әбдімәлік 14 жасында гроссмейстер атанған. Қазақ шахматшысы — қыздар арасындағы төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық шебер. Сондай-ақ Жансая 2013 жылдың қорытындысы бойынша Азияның үздік шахматшысы (20 жасқа дейін) атанды.