Басты бетЖаңалықтарШымбұлақта қар...

Шымбұлақта қар көшкіні болып, бір адам қайтыс болды

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортының мәліметінше, 10 наурыз күні тауда шаңғы теуіп жүрген демалушы қар көшкіні түсіретін құралмен соқтығысып, көшкін астында қалды.

Таңғы сағат 10:58-де курорттың құтқарушыларына Комби-2 тірегінің 8-ден жоғары аймағында қар көшкіні болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сағат 11:02-де жеткен құтқарушылар ер адамның денесін тапты. Салдарынан 1975 жылы туған азамат қайтыс болды.  Белгілі болғандай, ол рұқсат етілген аймақтан шығып кеткен, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аспалы жолдың (Комби-2) жұмысы тоқтатылды. Түскен қар массасының көлемі анықталып жатыр.

Оқиға орнына Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 1 маманы мен 1 техникасы, республикалық жедел-құтқару жасағының бір техникасы мен 8 қызметкері жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы ТЖД №4 «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуідің негізінде тұрғындарға таудағы көшкін қаупі туралы ұялы телефонмен смс, сонымен қатар БАҚ арқылы хабардар етіп ескерткен болатын.