Ресми наразылық болмайды. Біз Геннадий Зюганов Ресей Федерациясының коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ол қазіргі үкіметке оппозициялық партия ретінде танылған. Оппозиция әрқашан қазіргі биліктің ресми ұстанымынан бөлек немесе тіпті қайшы келетін сол немесе басқа пікірді ұстанады. Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ. Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды, — деді Мұхтар Тілеуберді.
Ол Ресей коммунистік партиясы КСРО коммунистік партиясының із басушысы және сол идеологияға негізделгенін, яғни ол дүниежүзілік социалистік революцияны жүзеге асыруды және бүкіл әлемде пролетариат диктатурасын орнату мақсатын көздейтінін айтты.
Назарыңызды бұл видео 2 ай өткен соң пайда болғанына аударғым келеді. Бұл видеоның Украинадағы оқиғалар кезінде пайда болуы кездейсоқ емес. Қарулы әскери қақтығыс ақпараттық кеңістіктегі күрестің шиеленісуімен қатар жүретінін және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қамтитынын түсіну керек, — деді министр.
Еске салайық, Ресей депутаты Зюганов Қазақстанда «русофобия» барын, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде орыс тілі оқытылмайтынын атап өткен. Ол Ресей билігін «орыстілді халықты ұлттық бассыздықтан қорғауға» үндеген.
Орыс тіліне көп назар аудару қажет. Кезінде (Қазақстанда) орыстар мен қазақтардың үлес салмағы бірдей болған – әрқайсысы 6 миллионнан асып жығылатын. Үш миллионнан астамы Қазақстаннан қашып кетті – орыстар, немістер, украиналықтар, белорустар, татарлар. Таза русобофиялық саясат өте қауіпті, — деді Зюганов.