Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында...

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз жоғалып кетті

ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2022 жылдың 2 наурызында жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр, — делінген хабарламада.

Іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күштері қатыстырылды. Осы дерек бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Ұлықбек Бердишевке қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер, мына телефон номерлері арқылы — 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлауды сұрады.