Басты бетЖаңалықтарТүркияның вице-президенті...

Түркияның вице-президенті Түркістандағы өзгерістерді жоғары бағалады

Фуат Октай Түркістанға жұмыс сапарымен келді. Делегация Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова және оқытушы-профессор құрамы мен студенттер қатысты.

Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездескенін баяндады. Екіжақты кездесулердің бауырлас елдердің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Концерттік бағдарламадан кейін Фуат Октай қонақ университет аумағының макетімен танысып, «Төрағалар аллеясына» ағаш отырғызды. Сонымен бірге Түркістандағы бірқатар мәдениет және руханият нысандарын аралап, Түркістандағы өзгерістерді жоғары бағалады.

Университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Женгиз Томар сөз сөйлеп, Фуат Октайға білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы берілгенін атап өтіп, мантиясын кигізіп, құжатын табыстады.