Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы президент...

Алматыдағы президент резиденциясы неге сүріледі?

Президент іс басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сарапшылар резиденция ғимаратының «пайдалануға жарамдылығы шектеулі» деген қорытынды жасады.

Өрт пен өте жоғары температура салдарынан барлық жүк көтергіш құрылым мен шатырдың негізі саналатын металл элементтері зақымданған. Ғимараттың сақталып қалған бөлігіндегі өрт иісін толығымен жою мүмкін емес. Оның үстіне бүгінде нысанның кейбір құрылымдық элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі құрылымдарын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуына орасан зор күрделі салымдар қажет, — деді президент іс басқармасы өкілдері.

президент резиденциясы
Фото: Президент іс-басқармасы баспасөз қызметі
Сарапшылардың пікірінше, резиденцияны жөндеу және онда белсенді жұмыс істеу де қауіпті. Президент іс басқармасы баспасөз қызметі ғимаратты бұзу заңмен белгіленген барлық рәсімді сақтай отырып жүргізілетінін хабарлады.
президент резиденциясы
Фото: Президент іс-басқармасы баспасөз қызметі