Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығын қорғау мақсатында еңбек инспекциясын бөліп, әлеуметтік қорғау бөлімін қайта құру ұсынылады, — деді Асат Нұрпейісов.
Жобада энергия тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту басқармасын — энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, тұрғын үй саясаты бөлімін — коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, жасыл экономика бөлімін — экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті, жайлы ортаны дамыту басқармасын — құрылыс басқармасы, қоғамдық денсаулық басқармасын — қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы деп өзгерту көзделген, — деді Асат Нұрпейісов мәслихат сессиясында.
Барлық депутат жобаны қолдап дауыс берді, қарсы болғандар жоқ. Алматыны басқарудың жаңа құрылымы жобасы мақұлданды. Өзгерістер 2022 жылдың 1 мамырына дейін енгізіледі деп жоспарланған.