Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыспен қамту құрылымында 4-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істейтін халықтың 76%-і (6,72 миллион) жалдамалы еңбекпен қамтылды, олардың саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 0,5%-ке (32,1 мың) артты. Тиісінше жұмыспен қамтылғандардың 24%-і (2,1 миллион) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар болып табылады, олардың саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ке (33,1 мың) қысқарды.
Өткен жылдың басы мен аяғының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, жалдамалы жұмысшылар мен өзін–өзі жұмыспен қамтыған халық санының тиісінше 14,3 мың және 16,5 мың адамға өскенін атап өтуге болады,– деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.
Сарапшы 2021 жылдың соңына қарай жұмыссыздар саны қысқаруды жалғастырғанын атап өтті.
Өткен тоқсанмен салыстырғанда азаю бар болғаны 350 адамды құрағанына қарамастан, бір жылдық кезеңде олардың саны 2,6 мың адамға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі алдыңғы бес тоқсандағыдай 4,9% деңгейінде қалды, – деді Александра Молчановская.
Жұмыспен қамту сипаттамалары туралы, бұрынғыдай жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі қалалық жерлерде тұрады (59%), олардың көпшілігі жалдамалы жұмысшылар. Өз бетінше жұмыспен қамтылу, әдетте, ауылдық жерлерде басым (57%). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі Түркістан (өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 83%), Алматы (79%), Жамбыл және Батыс Қазақстан (73%) облыстарында.
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде төрт сала дәстүрлі түрде барлық жұмыспен қамтудың 55%-ін алады: сауда, ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың қызмет көрсету саласына қарай ағу үрдісі жалғасып жатыр.