Қайтыс болғандар арасында 3 адамда коронавирус, 1 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.
4 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустан 17 077 адам (15 960 КВИ+ және 1 117 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 1808 науқас стационарда, 15 269 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
133 науқастың жағдайы ауыр,
47 науқастың жағдайы өте ауыр,
37 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.