Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік, — деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.
Сонымен қатар, президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлескенін жазды.
Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым, — деді президент.