Ресейге қарсы санкциялардың кесірінен Қазақстаннан тауарлар тиісті жеріне жетпей жатыр

Ресей Федерациясына қарсы санкциялар пакетінің енгізілуіне және тауардың шығарылған елін айқындаудың жаңа тетіктерінің болмауына байланысты Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуроодақ елдерінің нарықтарына транзитпен өтетін қазақстандық жүктердің бірқатар теңіз порттарында кідіріс фактілері байқалады, — делінген хабарламада.

Бұл ретте Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуроодақ елдері нарығына автомобиль көлігімен өтетін қазақстандық тауарлар кідіріссіз өтеді.

Қазіргі уақытта сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауарларды межелі елдерге үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін консультациялар өткізіп жатыр.