Nur Otan партиясы ресми түрде Amanat аталды

Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді, —  делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып, сонымпен бірге партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуал түрде жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 1 наурыздағы партияның кезектен тыс съездінде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді ұсынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия атауын өзгерту туралы пікірталасқа қатысқанын, бірнеше ұсыныстың ішінен Amanat деген атауға тоқталғанын айтты.