Басты бет Басты Универсиада-2017: Роман Еремин қола медаль алды

Универсиада-2017: Роман Еремин қола медаль алды

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 додасының төртінші күні. Ерлер арасындағы шаңғы жарысы бойынша 10 км спринтте Еремин Роман қола жүлде еншілеп, Қазақстан қоржынындағы медалдар санын 13-ке арттырды.

Ерлер арасындағы 10 км спринтте алтын жүлдеге ресейлік спортшы Сучилов Семен (27.02.3) ие болды. Сондай-ақ күміс жүлде де ресейліктер еншісінде. Дмитрий Иванов жарысты 27.24.1 уақытта аяқтаса, қазақстандық Роман Еремин небәрі 5 доли секундқа кешігіп келіп (27.24.6) қола жүлдені місе тұтты.

Айта кетейік, бүгінгі күні қазақстандық спортшылар үш алтын, екі қола жүлде еншіледі. Қазіргі уақытта 13 медаль бар: 5 алтын, 2 күміс, 6 қола. Жалпы командалық есеп бойынша рейтингте екінші орындамыз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version