Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық департаменті ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінен заңсыз майнинг дерегін анықтады.
Майнингке арналған 56 құрал-жабдық, ақшалай санағанда 237 000 доллар болатын криптовалюта табылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.