Басты бет Жаңалықтар Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады

Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады

Мәжілісте депутат Дариға Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келді.

Дариға Назарбаева. Фото: 24.kz

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан конституциясына және парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, — деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Депутаттар Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін қолдап, дауыс берді.

99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды, — деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Еске салайық, бұған дейін Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеген болатын.

Exit mobile version