АҚШ ресейлік әуе компанияларына әуе кеңістігін жабады

Бұл туралы президент Джо Байден «елдің жағдайы туралы» конгреске жолдаған үндеуінде мәлімдеді.

Бүгін мен одақтастарымызға Ресейдің барлық рейстеріне америкалық әуе кеңістігін жауып, Ресейді одан әрі оқшаулап, олардың экономикасына қосымша қысым жасайтынымызды жариялаймын, — деді Джо Байден.

Джо Байден АҚШ әскері Украинадағы ресейлік тараппен қақтығысқа қатыспайтынын айтты.

Біздің әскер Украинадағы ресейлік күштермен қақтығысқа қатысқан жоқ және қатыспайды да, — деді АҚШ президенті.

Джо Байден америкалық әскер Еуропаға Украинада соғысу үшін емес, Путин батысқа жылжуды жалғастыра беретін болса, НАТО-дағы одақтастарын қорғау үшін орналастырылғанын айтты.