Басты бетҚоғамМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Nur Otan жұмысындағы бюрократияны сынады

Президенттің сөзінше, қағаз жүзіндегі есеп берудің кесірінен жұмысқа құлшынып тұрған азаматтар өз орнын дарынсыз функционерлерге беруге мәжбүр болды.

Партия аппаратының жұмысында бюрократияның теріс сипаттары анық көрінді. Желілік кестелер, есеп беру және қағаз жүзіндегі іс-шаралар сайлаушылармен тікелей жұмыс істеуді екінші орынға сырғытты. Жұмысқа құлшынып тұрған азаматтар өз орындарын дарынсыз функционерлерге беруге мәжбүр болды. Сондықтан орталық аппараттың филиалдармен және бастауыш партиялық ұйымдармен өзара іс-қимыл әдістерін толығымен қайта қарау қажет. Бюрократия мен қағазбастылықтан үзілді-кесілді бас тарту керек, — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы биылғы қаңтарда жүргізілген ауқымды аналитикалық жұмыстар партия қызметіне маңызды өзгерістер енгізу қажет екенін көрсетті деп айтты. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды қолдай отырып, партия төрағасы бірқатар басым міндетті айқындап берді. Оның пікірінше, ең әуелі, орталыққа тәуелділікті жою және партия аппаратының тиімділігін арттыру қажет.

Аймақтық филиалдар мен бастауыш ұйымдары сайлаушылармен өздігінен жұмыс істей алады және жұмыс істеуге міндетті. Орталық аппарат нұсқаушылық және «қолмен» басқару тәжірибесінен арылуға тиіс, – деді мемлекет басшысы.