Басты бетҚоғамТоқаев партия...

Тоқаев партия мүшелеріне орындалмайтын уәде бермеуді ескертті

Партия популизмге салынып, орындалмайтын уәде бермегені жөн. Сонда премьер-министр мен кабинет мүшелерінен қажетті сандарды талап етуге де жол берілмейді. Осылай жалғаса берсе, күдік күшейіп, адамдардың партияға деген сенімі жоғалады. Ал оның партияға кесірі тиеді. Бұндай көзбояушылықтың салдары  адамдардың әлеуметтік көңіл-күйіне және ішкі саяси тұрақтылыққа ықпал етеді, — деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған, әсіресе, геосаяси тұрақсыздық жағдайында жол беруге болмайтынын айтты.

Сайлаушылармен кері байланысты күшейткен жөн және осы бағытта қоғамдық қабылдаулардың әлеуетін барынша пайдалану қажет, – деді президент.