Басты бет Басты Дмитрий Рейхард Универсиаданың бесінші алтынын алды

Дмитрий Рейхард Универсиаданың бесінші алтынын алды

Алматыда өтіп жатқан 28-Универсиада кезінде Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті. Фристайл могул спорты бойынша Дмитрий Рейхард алтын алса, екінші спортшымыз Павел Колмаков қола жүлдені еншіледі.

Дмитрий Рейхард

Бүгін Универсиаданың төртінші күні. Қазақстан қоржыны бүгінгі күні үш алтын, бір қола жүлдемен толықты.

Фристайл могул спортынан Дмитрий Рейхард алтын жүлдені иеленсе (20.90), екінші орынды ресейлік спортшы Сергей Шимбуев (20.73) алды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы Павел Колмаков қола жүлдені иеленіп (21.78), ел қоржынындағы жүлделер санын 12-ге арттырды.

Айта кетейік, жарыстың төртінші күнінде Қазақстандық спортшылар үш алтын, бір қола жүлде еншіледі. Қазіргі уақытта 12 медаль бар: 5 алтын, 2 күміс, 5 қола. Жалпы командалық есеп бойынша рейтингте екінші орындамыз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version