Nur Otan атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның саяси кеңесіне өзгеріс енгізу туралы ұсынысын айтты.
Қарауларыңызға партия саяси кеңесінің құрамынан партия мүшелері Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулинді шығару және олардың орнынан партияның келесі мүшелерін енгізу ұсынылады: премьер-министр Әлихан Смайылов, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин, — деді ол.
Бұл ұсынысты съезд делегаттары бір ауыздан қолдады.