Юлия Галышева бұл спорт түріндегі фаворитердің бірі болатын. Ел сенімі ақталды. Ол бұрылыстарын өте сәтті жасап 47,2 балл алса, өте күрделі секірістеріі үшін 13,89 балл, жылдамдығына 12,71 балл алып, барлығы 73,20 баллмен үздік нәтиже көрсетті.
Екінші нәтижені ресейлік Анастасия Первушина 62,13 балмен көрсетсе, 52,05 бал жинаған Катарина Рамзауэр үшінші орынға тұрақтады.
Байқағандарыңыздай, спортшылардың балдарында алшақтық өте үлкен. Оған себеп секіріс кезінде қателіктер жіберіліп, тіпті жолақтан шығып, мәреге жете алмай қалғандар да көп болды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта еліміздің қоржынында 10 медаль бар: 4 алтын, 2 күміс, 4 қола. Жалпы командалық есеп бойынша рейтингте екінші орындамыз. Көш басында Ресей құрамасы тұр. Оларда 10 алтын, 8 күміс, 4 қола бар.