Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасыы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов баяндама жасады.
2021 жылғы 30 желтоқсанда мемлекет басшысы ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Заңның қолданылуын қамтамасыз ету үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі 164 НҚА-ны қамтиды.
Мемлекеттік бақылаудың жаңа формалары тексерістерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтиды. Заң аясында тексерістер мен профилактикалық бақылау жүргізу кестелерін дайындауға адамның барынша аз қатысуын қамтамасыз ететін, тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жөніндегі нормалар заңнамалық түрде бекітілді.
Үкіметке мемлекеттік органдардың бизнеске қоятын талаптарын қысқарту мақсатында тәсілдерді сапалы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Қазіргі кезде мұндай талаптардың 40%-і жаңа тәсілдерге сәйкес келмейді.
Реформаны жаңадан іске асыру бизнес-ортаны реттеу тиімділігін арттыруға және кәсіпкерлікті жандандыру үшін қолайлы әрі ынталандырушы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бизнес шамадан тыс әкімшілік жүктеменің азайғанын сезіне бастауға тиіс. Ол үшін міндетті талаптар реестрін құруды және сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет.
Премьер-министр ұлттық экономика министрлігіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, реттеудің жаңа тәсілдері бойынша міндетті талаптар реестрін құрудың кестесін бекітуді тапсырды.
Қаржы министрлігі әділет министрлігімен бірлесіп, бюджетті нақтылау аясында “Әділет” ақпараттық жүйесінің базасында реестрді құруға қаражат қарастырсын, — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар премьер-министр қабылданған заңға сәйкес, бұған дейінгі реттеушілік актілерге олардың жаңа базалық тәсілдерге сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бағалау жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтті. Барлық мүдделі мемлекеттік органға биылғы 1 шілдеге дейін аталған актілерді қайта қарау тапсырылды.
Мемлекеттік бақылау және бизнестің есеп беру жүйесін автоматтандыру қажет. Сондықтан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және ұлттық экономика министрліктеріне бас прокуратураның құқықтық статистика комитетімен бірге осы жүйені автоматтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын, — деп қорытындылады премьер-министр.