Цюрих қаласында өткен салтанатты кеште мәртебелі «Алтын доп» жүлдесін Лионель Месси иеленді. 2015 жылы «Барселона» және Аргентина құрамасының футболшысы бұл атаққа лайықты тер де төге білді. Нәтижесінде бұл сыйлықты бесінші рет жеңіп алды.
Үздік футболшыға дауыс беру қорытындысы:
Месси: 41.33%
Роналду: 27.76%
Неймар: 7.86%
Әйелдер арасында жылдың үздік футболшысы болып АҚШ ұлттық құрамасы жартылай қорғаушысы Карли Ллойд танылды.
2015 жылдың ең үздік голына берілетін «Пушкаш сыйлығын» Вендел Лира ие болды. Бразилия чемпионатының төртінші дивизионында ойнайтын футболшы үздік голға таласта Лионель Месси мен Алессандро Флоренциді басып озды.
Үздік голға дауыс беру қорытындысы:
Венделл Лира («Гояс»): 46.7%
Лионель Месси («Барселона»): 33.3%
Алессандро Флоренци («Рома»): 7.1%
Цюрихтегі марапаттау кешінде 2015 жылдың символдық құрамы да жарияланды. Тізімге төрт«Барселона» мен «Реал» ойыншысы енген. Месси мен Роналду бұл тізімге төртінші жыл қатарынан еніп отыр. Жылдың үздік қақпашысы болып Мануэль Нойер танылды. Алайда «Бавария» қақпашысы марапаттау рәсіміне келлген жоқ. «Реал» ойыншысы Лука Модрич бірінші рет бұл тізімге енді.
Өзге де марапат иелері:
Джил Эвис – 2015 жылғы әйелдер арасындағы ең үздік бапкер.
Джеральд Асамоа – 2015 жылдың ең әділ футболшысы сыйлығына ие болды.
Fair-Play Award марапаты босқындар мен балаларына көмек қолын созған барлық клубтарға берілді.
Messi emes Ronaldo laiykty edi Altyn dopka. Janym RONALDO sen myktysyn.
Барлық Барсафандарды құттықтаймын! Энрике де Месси де жарады. Ең үздік соғылған голды да Месси алуы керек еді.
Леонелім айналайын Алтын жүрек,
Қашанда ашық мінез, жарқын жүред(і)
Құдіретін сенің сол аяғыңның,
Қақпаға тұратұғын әркім білед(і),
Барсафандар ал жеңіс құтты болсын!
Тілеген Месси бәйге алсыншы деп.
Леомыз бесіншімен тоқтамайды,
Алтын допқа таласад(ы) алтыншы рет!
Құтты болсын!!! «Алтын доп 2015» иегері Лео Месси!!! Алақай!!!
#Месси бырат келди де алтын допти алып кетти. ЖАРАЙСЫН!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Барсафандар, құттықтаймын!
Мессидің голы Пушкаш сыйлығына лайықты деп табылмады.
шыныман МЕССИ алдыма куттыктаимын МЕсси жараисин красавчик