Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың сөзінше, бас прокуратура жаппай тәртіпсіздіктер кезінде және одан кейін ұсталған азаматтардың құқығы сақталуын ерекше бақылап отыр.
Бүгінгі таңда азаптау және қызметтік өкілетін асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған, олардың ішіндегі ең резонанстыларын арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталғандарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 қызметкер анықталып, ұсталды, — деді ол.