Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.
Ол бұл қызметке 2018 жылғы шілдеде тағайындалған.
Қанат Шөкенов 1981 жылғы 17 тамызда бұрынғы Целиноградта туған.
2002 жылы құқықтану мамандығы бойынша Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, 2004 жылы қаржы мамандығы бойынша «Тұран-Астана» университетін және 2017 жылы Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.
Ол өндірістегі көп жылын президент іс басқармасында өткізген. Сонымен бірге Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған.