Өздеріңіз білетіндей, ертең мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады, — деп жазды ол Facebook-парақшасында.
Асхат Оралов сонымен бірге 28 ақпанда партияның саяси кеңесінің қаулысымен съездің күн тәртібі бекітілгенін хабарлады. Оның айтуынша, жиында екі мәселе: партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, Nur Otan партиясының модернизациясы қаралады.