«Алмас қылыш» фильмін Қытай мен АҚШ сатып алмақшы

«Алмас қылыш» фильмі Голливудтағы American Film Market-ке қатысқан еді. Сол байқауда Қытай, Латын Америка мен АҚШ біздің картинаға қызығушылық танытып, прокатқа сұрады. Бұл дегеніңіз, бізді тарихы ерлікке бай ел ретіде мойындай бастады деген сөз. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр»,-деді продюсер.

Еске салайық, «Қазақ хандығы. Алмас Қылыш» фильмі Елбасы Нұрсұлтан Назарбав пен Мәдениет және спорт министрінің бастамасымен Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» бөлімінің желісімен түсірілген болатын. Режиссері — Рүстем Әбдірашев.

Картинада 15 ғасырдың ортасы — Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру барысы көрсетіледі.

Тарихи лента 5 қаңтардан бастап прокатқа шыққан еді. Ал 10 бөлімді теленұсқасы кинотеатрлардағы прокат аяқталған соң жарыққа шығады.

«Кинотеатрлардағы прокат аяқталған соң бірден бірінші бөлімі телеарналардан көрсетіле бастайды. Біз екінші және үшінші бөлімдерін де шығаруды жоспарлап отырмыз. Егер бәрі біз ойлағандай болса, алдағы көктемте түсірілім басталады. Әлі 10 эпизод түсіреміз»,- деді Арман Асенов.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» драмасы осымен үшінші апта бойы прокатта. Қазіргі уақытқа дейін 87 млн 581 мың 330 теңге касса жинады.

ДереккөзBrod.kz