Polisia.kz хабарлауынша, үй 2021 жылғы қазан айында жас жігітке жалға берілген екен.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері мефедрон синтетикалық психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған ұнтақ және кесек түріндегі заттарды, химиялық заттар салынған пластик ыдыстарды, сұйықтықтары бар колбаларды, электрон таразыларды және басқа да құралдарды тәркіледі, — деді Алматы полиция департаменті ксірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Есірткіні 23 жастағы О.есімді азамат өндірген. Оның аяқталмаған медициналық білімі болған.
Есірткі зертханасында бірнеше келі кептірілген зат тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр «шөптің» салмағы шамамен 160 грамм, ағы — 500 грамм. Бұл дайын өнім және оны дозаға сай орау керек болды. Жертөледен табылғанның бәрі: сұйық, кристал және ұнтақ күйінде, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, — деді Ерлан Әлмағамбетов.