«Укроборонпром» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ан-225 жүк ұшағына Киев облысындағы Гостомель аэродромында шабуыл жасалған.
Бұл жағдай ұшақ тұрған Киев маңында орналасқан Гостомельдегі «Антонов» аэродромында болған. Оны қалпына келтіруге 3 миллиард доллар мен ұзақ уақыт қажет. Украина осыған байланысты Ресейге қаржылық шағымдар жасайды, — деді «Укроборонпром» бас директоры Юрий Гусев.
Ан-225 1984-1988 жылдары Киев механикалық зауытында бір данада жобаланып, жасалған. Алғаш рет рейске 1988 жылы 21 желтоқсанда шықты. Ұшақ 1989 жылдан бастап толығымен пайдаланыла бастады, 150-200 тонна болатын жүк тасуға арналған.