Басты бетҚоғамЗеленский Лукашенкомен...

Зеленский Лукашенкомен сөйлесті

Мұны Зеленскийдің өзі Instagram-дағы парақшасында, Telegram-каналында хабарлады.  Алайда бұл хабарды таратқан Украина президенті кеңсесінің каналы да әңгімелесудің қалай өткені туралы ештеңе жазбаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Володимир Зеленський (@zelenskiy_official)

Ал РИА Новости хабарына қарағанда, Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт та Лукашенконың Зеленскиймен сөйлескенін растаған, бірақ ашып ештеңе айтпаған.

Еске алайық, бүгін, 27 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь халқына үндеу жасады. Ол дәл осы ел аумағынан Ресей әскері Украинаға шабуылдап жатқанын айтты. Ол  белорустардың бұл жағдайға үнсіз қалмауын өтініп, «Ресей емес, Беларусь болыңыздар» деді.

Зеленский сонымен бірге Ресеймен келіссөзге дайын екенін, бірақ келіссөз агрессияға қатысып отырған Беларустан өзге жерде өтуге тиістігін мәлімдеді.

Лукашенко Зеленскийдің үндеуіне тез жауап берді және оны «адекват емес» деді. Сонымен бірге ол Ресей мен Украина арасындағы жағдайды соғыс деуге келмейтінін айтып, мұны жай ғана конфликт деп бағалады.

Лукашенко белорус жерінен Украинаға «екі-үш зымыран атылғанын» мойындады және Беларусь Ресейдің жаралы жауынгерлерін емдеуге көмектесіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің 30 мыңға жуық әскери қызметкері жаттығу деген желеумен Беларусьқа келген еді. Оның бір бөлігі Ресейдің Украинаға шабуылына қатысып жатыр.