Келіссөзді Гомельде өткізу жоспарланған еді. Песковтың айтуына қарағанда, Ресей делегациясына сыртқы істер министрлігінің, қорғаныс министрлігінің, президент әкімшілігімен қоса, РФ басқа ведомстволарының өкілі кірген.
Ал Владимир Зеленский Ресей әскері белорус жерінен Украинаға оқ атып жатқанын, осы себепті бұл ел аумағында келіссөз өткізу мүмкін емес екенін айтты. Ол белорустардың бұл жағдайға үнсіз қалмауын өтініп, «Ресей емес, Беларусь болыңыздар» деді.
Біз сіздер жақтан агрессив әрекеттер жасалмағанда, Минскіде сөйлесе алар едік. (…) Бізге аумағынан зымыран ұшпайтын кез келген ел, кез келген қала жарайды. Осылай ғана келіссөздер шынайы болады және соғысты аяқтай алады», — деді Украина президенті.
Зеленскийдің сөзінше, Украина Ресейге Варшавада, Братиславада, Будапеште, Стамбулда, Бакуде келіссөздер жүргізуді ұсынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram