Басты бетҚоғамРайымбек Баталов:...

Райымбек Баталов: Шағын және микробизнестің қажетін естуіміз керек

Райымбек Баталовтың жұмыс сапары Ақтөбе облысынан басталды. Палата басшысы таяу уақытта Қазақстанның негізгі агломерацияларының, шағын және микробизнестің, сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің қиындықтарымен танысуды жоспарлап отыр.

Ақтөбедегі алғашқы кездесуге жүзден аса кәсіпкер жиналды. Ритейл, өндірістік және сервистік компаниялардың өкілдері жергілікті кәсіпкерлер үшін өзекті мәселе шағын шаруа қожалықтары, шағын және микробизнес үшін нақты қолдау бағдарламаларының жоқтығы деп есептейді.

Біздің нақты міндеттерімізді ескеретін шағын микробизнесті қолдау бағдарламалары жоқ. Көбісі айтады, бірақ ешкім ештеңе істемейді, – дейді кәсіпкерлер.

ҰКП өкілдері кәсіпкерлердің пікірімен келіседі. Ұлттық палата мемлекеттік қолдау шараларын талдады. Сонда олардың көпшілігі орта және ірі бизнес субъектілеріне арналғаны анықталды. Ел кәсіпкерлерінің басым бөлігі – шағын және микробизнес өкілдері.  Ал кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары оларға бағытталмаған.

Әкімдіктермен бірлесіп, бағдарламаларды микро және шағын бизнеске пайдалы болуы үшін қалай трансформациялау керегін білеміз. Әрбір өңірдегі бизнестің проблемалары мен қажеттіліктері үнемі өзекті мәселе болуға тиіс. Бүгін, ең бастысы, шағын және микробизнестің қажетін естуіміз керек, – деді Райымбек Баталов.

Кездесуде жер телімдеріне қолжетімділік, ауыл шаруашылығы техникасының қымбаттауы, субсидиялау және мамандардың жетіспеушілігіне қатысты мәселелер көтерілді. Басты проблемалардың бірі – СТ-KZ ұлттық өндірушінің сертификаттарын беру. Бизнес иелері «Атамекеннің» өңірлік өкілдігіне сертификат алудың күрделі механизмі және ештеңе өндірмей құжатты алып жатқан, ісін адал жүргізбейтін кәсіпкерлерге бірнеше рет шағымданған.

Ісін адал жүргізбейтін бірнеше кәсіпкердің кесірінен қалған бизнес зардап шекпеуге тиіс. Жақын арада механизмді оңайлату керек. Мұнымен  келісемін, – деді ҰКП басшысы.

Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті шағын және орта бизнестің мүддесін сақтау мәселесі, білім беру секторында бизнесті дамыту проблемалары талқыланды.

Райымбек Баталов кездесуді қорытындылай келе, «Атамекен» ҰКП қызметінің басты бағыты шағын және микробизнесті қолдауға бағытталғанын және палата пікірталас барысында көтерілген барлық мәселені міндетті түрде шешетінін тағы да айтты.