Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады

Вашингтон Мәскеудің доллар, фунт және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектейді. Джо Байден штаттар ВТБ-мен қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын айтты.

Бірігіп шамамен, 1 триллион долларды бақылайтын ресейлік банктерге санкция салып жатырмыз. Ресейлік банк активтерінің үштен бір бөлігінен астамына иелік ететін ең ірі ресейлік банкті америкалық қаржы жүйесінен ажыратамыз, — деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, АҚШ пен одақтастары Ресейдің жоғары технология өнімдері импортын 50%-ке шектейді. Санкциялар Ресейдің ең ірі мемлекеттік компаниялары, ресейлік ғарыш бағдарламасы облигацияларына да әсер етеді.