Берік Уәлидің Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбаты кейінге қалды

Берік Уәлидің Qazaqstan ұлттық телеарнасына бүгінге жоспарланған арнайы сұхбаты кейінге шегерілгенін хабарлаймыз, — делінген телеарна хабарламасында.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін, 24 ақпанда сағат 20:30-да Qazaqstan ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат беретіні хабарланған болатын.